ИЭ емдеуде қолданылатын антибиотиктер

Микроорганизмдер Дозалары және егу жолдары Емнің ұзақты-ғы, апта
Пенициллин сезімтал стрептококтер: МИК* < 0,1 мкг/мл, жасыл көк стрептококк А және С топтарының S.вovis, pneumoniae, pyogenes - Пенициллин 4 млн ӘБ 4 сағ. сайын - Цефтриаксон 2 г 1 рет/күнге венаға - Ванкомицин 15 мг/кг венаға 12 сағат сайын
Пенициллинге шартты төзімді стрептококтар: МИК > 0,1 мкг/мл < 1 мкг/л - Пенициллин 4 млн ӘБ венаға 4 сағат сайын + гентамицин 1 мг/кг 12 сағат сайын венаға; - Ванкомицин 15 мг/кг венаға 12 сағат сайын
Пенициллинге төзімді стрептококтар: МИК > 1 мкг/л; E.faecalis, faecium, басқа энтерококтар - Пенициллин 18-30 млн ӘБ күнде венаға үздіксіз жіберіледі, немесе бірдей дозалары 4 сағат сайын венаға егіледі + гентамицин 1 мг/кг венаға 8 сағ. сайын; - Ампициллин 12 г/тәул. венаға үздіксіз немесе бірдей дозада 4 сағ. сайын + гентамицин 1 мг/кг 8 сағ. сайын; - Ванкомицин 15 мг/кг венаға 12 сағат сайын + гентамицин 1 мг/кг венаға 8 сағат сайын 4-6
Стафилококтар Метициллин сезімтал микробтар: - Цефазолин 2 г венаға 8 сағ. сайын; - Ванкомицин 15 мг/кг венаға 12 сағ. сайын. Метициллинрезистентті микробтар: - Ванкомицин 15 мг/кг венаға 12 сағ. сайын 4-6
Қақпақ протезіндегі стафилококтар Метициллинсезімтал микробтар: - Нафициллин 2 г венаға 4 сағ. сайын + гентамицин 1 мг/кг венаға 8 сағ. сайын Метициллинрезистентті микробтар: - Ванкомицин 15 мг/кг венаға 12 сағ. сайын + гентамицин 1 мг/кг венаға 8 сағ. сайын + рифампицин 300 мг ішке 8 сағ. сайын 4-6
НАСЕК тобы - Цефтриаксон 2 г венаға 1 рет/тәул. - Ампициллин 12 г/тәул. венаға үздіксіз немесе бірдей дозаға бөлініп, 4 сағ. сайын + гентамицин 1 мг/кг венаға 12 сағ. сайын
Neisseria - Пенициллин 2 млн ӘБ венаға 6 сағ. сайын; - Цефтриаксон 1 г венаға 12 сағ. сайын 3-4
Pseudomonas aeruginosa, басқа грамтеріс микроорганизмдер - Пенициллин кең спектрлі - Цефалоспориндер 3-ші буынның - Имипенем + аминогликозид 4-6

* МИК – минимальды ингибиторлаушы концентрация.

Глюкокортикостероидтарды иммунды қабыну процестерін (миокардит, артрит т.б.) және бактериялық шокты емдеу үшін қолданады.

Имунотерапия әзір антитоксикалық заттар енгізу арқылы қанда айналып жүрген токсиндерді бейтараптауға негізделген (пассивті иммунизация). Пассивті иммунизация үшін ең тиімді препараттар – қоздырғыштың түріне қарай (антистафилококтік, көкшіл іріңді таяқшаға қарсы плазма т.б.) дайындалған гипериммунды плазма, антистафилококтік гамма-глобулин, венаға егуге арналған адамның қалыпты иммуноглобулині. Антистафилококтік плазманы 4-6 мг/кг (орта есеппен 250 мл) дозасында арасына 1-3 күн салып 4-6 рет венаға жібереді.

Антистафилококтік гамма-глобулинді 5-10 мл дозада күнде 10 күн бойы етке егеді.

Адамның қалыпты иммуноглобулинінің 50 мл венаға егеді; минутіне 20-40 тамшыдан жіберіп, 3 күн қатарынан егеді.

Дезинтокскация әдістері. Жақсы нәтижені экстракорпоральды детоксикация (гемосорбция, плазмаферез т.б.) тәсілдері береді.

Симптоматикалық ем. Қан айналысы жетіспеушілігінде жүрек гликозидтерін, несеп жүргізетін дәрілерді береді, су мен тұз шектелген диета тағайындалады. Анемия, лейкопения, тромбоцитопения және геморрагиялық синдромда орнын басу емі (қан препараттары, темір, С, В12 – витамині), гемостатикалық препараттар қолданылады.

Хирургиялық ем. Оның мәні зақымданған жүрек қақпағын алып тастап, оның орнына жасанды механикалық немесе биологиялық протез орналастыру.

Хирургиялық емнің абсолютті көрсетпелері:

1. Үдемелі жүрек әлсіздігі.

2. 3 апта антибактериялық емге төзімділік.

3. Эхокардиографиялық тексергенде және вентрикулографияда табылатын миокард пен фиброзды сақина абсцесі.

4. Саңырауқұлақтық эндокардит, себебі эндокардиттің бұл түрін емдеу көптеген қиындықтар тудырады және жиі тромбоэмболиялық асқынулар болады.

5. Протезді қақпақтың эндокардиті.

Хирургиялық емнің шартты көрсетпелері:

1. Вегетацияның деструкциясы себепті қайталамалы болатын эмболиялар.

2. Жасалған емге қарамастан қызбаның сақталуы.

3. Емнің бойында вегетация мөлшерінің үлкеюі.


1156245353665857.html
1156295891650225.html
    PR.RU™